×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандағы жемқорлардың тізімі қашан жарияланады

25.01.2024, 09:49
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, заң жобасы шеңберінде біріншіден сыбайлас жемқорлардың жария тізімі енгізіледі. Бұл профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру дейді ол. 

– Тізіліме ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер қамтылады. Соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі тізілімге енгізуге негіз болып табылады. Тізілімнен ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылықтың өтелуі негізінде шығару мүмкін болады, – дейді ол.

Сарқұловтың айтуынша, тізілім агенттіктің сайтында орналастырылады. Тізілімді жүргізуді агенттікке бекіту көзделіп отыр. Ал тізілімді жүргізу бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен іс-қимыл жасау тәртібі ведомстволық бұйрықпен реттеледі. Тізілімге осы заң күшіне енгеннен кейін ғана сотталған адамдар енетіні хабарланды.

Серіктес жаңалықтары