×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Әмір Омарханов Australian Open Junior турнирінің жартылай финалына өте алмады

25.01.2024, 13:54
Фото: Ulysmedia.kz

Қазақстан теннисшісі, 16 жастағы Әмір Омарханов Аустралия ашық біріншілігі жасөспірімдер сайысының ширек финалында Нидерланды өкілі Мес Ротгерингтен 2 сетте ұтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңбырлы ауа-райының салдарынан кездесу 3-корттан Маргарет Корт аренасына ауыстырылған еді. Алғашқы сетте-ақ басымдық танытқан қарсылас 6:2 есебімен алға шықты. Солақай әрі соққылары жойқын спортшының доптарын қайтару жерлесіміз үшін оңай емес еді. Жекелей және жұптық сында жалпы 5 матч өткізген Қарағанды теннис мектебінің түлегі екінші сетте медициналық үзіліс алды, бірақ көмектеспеді. Матчтың қорытынды есебі Омарханов - Роттгеринг 2:6, 0:6.

Әлемдік рейтингтке 27-орында тұрған Әмір қазақстандық жасөспірім теннисшілердің арасында осындай жетістікке жеткен бірінші теннисші. Алдағы жарыстарда тек сәттілік тілейміз!

Айта кетейік, бұған дейін Australian Open турнирінде Рыбакина жеңілген. Аталмыш жарыстың негізгі кестесінде екі бірдей теннисші қазақ елінің намысын қорғады. Олар Қарағанды тумасы Әмір Омарханов (16 жас) пен алматылық Асылжан Арыстанбекова (17 жас).

Серіктес жаңалықтары