×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Australian Open Junior Championships: екі қазақ қатысады

19.01.2024, 15:37

Рыбакина жеңілсе де Аустралия ашық біріншілігі біз үшін әлі біткен жоқ. Себебі ертең турнир аясында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған Australian Open Junior Championships басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталмыш жарыстың негізгі кестесінде екі бірдей қазақ ел намысын қорғамақ. Олар Қарағанды тумасы Әмір Омарханов (16 жас) пен алматылық Асылжан Арыстанбекова (17 жас).

Жеребеге сәйкес Әмір алғашқы айналымда турнирдің бірінші ракеткасы Федерико Чинаға (16 жас, Италия) қарсы, ал Асылжан Тахлия Коккинисқа (15 жас, Аустралия) қарсы ойнайды.
Жасөспірімдер турниры қазір болып жатқан Мельбурн паркінің корттарында өтеді.

Турнир кестесі және ойын уақыттарын www.ausopen.com сайтынан таба аласыздар.

Еске сала кетейік, Аустралия ашық біріншілігіндегі ең басты үмітіміз, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің екінші айналымында Ресей теннисшісі Анна Блинковадан 3 сет, супер тай-брейк нәтижесінде ұтылып қалған болатын. Есеп 4:6, 6:4, 6:7 (20:22).

Бұрын Анна Данилинаның екінші айналымға өтпегені белгілі болған еді.

Сондай-ақ, Елена Рыбакина матчтарға қатысу рекордын жаңартқаны хабарланған. Алайда кеше Рыбакина турнирдің екінші айналымында Ресей теннисшісі Анна Блинковадан 3 сет, супер тай-брейк нәтижесінде ұтылып қалды.

Серіктес жаңалықтары