×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Елена Рыбакина 3 сағатқа созылған сенсациялық матчта жеңіліс тапты

18.01.2024, 17:20
Фото: Ulysmedia.kz

Ол Ресейден келген қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аустралия ашық біріншілігіндегі ең басты үмітіміз, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің екінші айналымында Ресей теннисшісі Анна Блинковадан 3 сет, супер тай-брейк нәтижесінде ұтылып қалды. Есеп 4:6, 6:4, 6:7 (20:22).

Алғашқы сетті қарсыласына беріп қойған отандасымыз екінші сетте де брейк айырмашылығымен жеңіліп жатты. Алайда Елена жойқын соққыларының арқасында Аннаны көп қателестіріп, кері брейк жасай отырып, сетті өз пайдасына шешті.

Шешуші үшінші сетте драма басталды. Алғашында жерлесіміз жеңіліп жатқан. Тағы да кері брейк жасап, есепті 6:6 қылды. Турнир ережесі бойынша супер тай-брейк жарияланды. Екі спортшыда бірнеше матч пойнт болды. Сәттілік Ресей спортшысы жағында еді. Супер тай-брейктің қорытындысы: Рыбакина 20:22 Блинкова. Дәл осы тай-брейк Үлкен Дулыға турнирлерінің тарихына “ең ұзақ тай-брейк” болып енетін болды.

Australian Open

Бұрын Анна Данилинаның екінші айналымға өтпегені белгілі болған еді.

Сондай-ақ, Елена Рыбакина матчтарға қатысу рекордын жаңартқаны хабарланған

Серіктес жаңалықтары