×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Кәрім Мәсімовтің екі кітабы жарық көреді (видео)

26.10.2021, 09:51

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында кітаптар шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Комитет төрағасы, генерал-лейтенант Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптары басылымға дайындалды, дейді ҰҚК.

Кітаптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайды.

Басылымдарға қазір құпиясыздандыруға болатын жайттар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен фактілер, олар онда тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған.

Серіктес жаңалықтары