×
498.51
522.84
4.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.51
522.84
4.81

Қазақстанға 2023 жылы қанша қандас келді

26.01.2024, 11:16
Қазақстанға 2023 жылы қанша қандас келді
Фото: Ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев этникалық көші-қон саясаты қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар алаңында баспасөз мәслихатын өткізген министрлік өкілі жыл басынан бері елге барлығы 21 323 қандас келгенін хабарлайды. 2022 жылмен салыстырғанда былтыр 2100 адам көбірек келген.

Қандас мәртебесі бойынша құжатрар е-қонақ мобильді қосымшасы арқылы қабылданады. Бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істеледі. 42 елшілік пен консулдық қандастардан құжат қабылдайды.

Қазақстан 2024 жылы қанша қандасты қабылдайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы бұйрықтың жобасын ұсынды. Бұйрықта қандастарға өңірлік квота келесі жылы 2 433 адамды, қоныс аударушыларға – 7 050 адамды құрайтыны айтылған еді.