×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстан 2024 жылы қанша қандасты қабылдауға дайын

14.11.2023, 08:57
фото: ашық дереккөзден

Биыл Қазақстанға 16 мыңнан астам қандас оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы бұйрықтың жобасын ұсынды.

Бұйрықта қандастарға өңірлік квота келесі жылы 2 433 адамды, қоныс аударушыларға – 7 050 адамды құрайтыны айтылған.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 27 қарашаға дейін талқыланбақ.

Айта кетейік, жыл басынан бері 16 408 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Олардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан , 7,7% – Ресейден, 6,3% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден.

2023 жылдың шілдесінен бастап шетелдегі этникалық қазақтарға «Ата жолы» картасы беріле бастады. Карта иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады. «Ата жолы» картасы бар этникалық қазақтың қандастардан айырмашылығы – ол басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен және қандастарымен тең құқыққа ие.

 

Серіктес жаңалықтары