×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

AO: 14 жасар Ева Қорышева беделді жарыста табысты өнер көрсетті.

26.01.2024, 16:09
Фото: Ulysmedia.kz

Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында Asla-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық, 14 жасар Ева Қорышева беделді жарыста табысты өнер көрсетті.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі тек финалда ғана тартысты матчта корт иесі Эмили Ченге есе жіберді — 6:2, 4:6, 4:6.
Кеше жаңбырға байланысты барлық матчтар кейінге қалдырылғандықтан, қазақстандық спрртшыға бүгін жартылай финалды бітіріп, соңғы бәсекеге шығуына тура келді.

Ева Павел Цойдың қарамағында жаттығады. Өткен жылы 24 кездесудің 19-ында (83 пайыз) жеңіске жетіп, рекордтық нәтиже көрсеткен.
Жылды Tennis Europe рейтингісінде 18-орынмен аяқтаған еді.

Сондай-ақ ол Еуропа теннис қауымдастығының «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» (Еуропа одағына кірмейтін елдерден) сыйлығын алған-ды.

Айта кетейік, бұған дейін Australian Open турнирінде Рыбакина жеңілген. Аталмыш жарыстың негізгі кестесінде екі бірдей теннисші қазақ елінің намысын қорғады. Олар Қарағанды тумасы Әмір Омарханов (16 жас) пен алматылық Асылжан Арыстанбекова (17 жас).

Серіктес жаңалықтары