×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Биылғы Аустралия ашық біріншілігі көрермендер саны бойынша рекорд жаңартты

26.01.2024, 16:19
Фото: Ulysmedia.kz

14-қаңтар басталған жылдың бірінші Үлкен Дулыға турнирі Australian Open 1 миллионыншы билетін бүгін сатты. Бұл ұйымдастырушылар мен Мельбурн қаласының әкімшілігі үшін тарихи сәт, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Былтыр бұл көрсеткіш 839 192 адамды құраған еді.

– Биыл шетелдік теннис фанаттарының көп келгенін байқадық. Пандемиядан кейін елімізге туристер ағылып келіп жатыр. Шетелдік билет сатып алушылардың көшбасында АҚШ, Жаңа Зеландия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары тұр, – деді АО директоры Крейг Тайли.

Турнир ұйымдастырушылары 1 миллиондық межені финал күні бағындыруды жоспарлаған. Алайда ерлердің қатысуымен өткен жартылай финал ойындарына қызығушылық күрт өсті. Атап айтсақ, Новак Джокович пен Янник Синнер, сондай-ақ Даниил Медведев пен Александр Зверев матчтары.

Айтпақшы бірінші жартылай финалда 22 жасар италияндық Янник Синнер 10 дүркін АО жеңімпазы әйгілі Новак Джоковичті (Сербия) ұтып кетті. Синнердің қарсыласы Медведев-Зверев арасындағы кездесуде анықталады.

Әйелдер финалы сенбі, ал ерлер финалы жексенбі күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары