×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ледибойлар жайлы "көп білетін" Қуат Хамитовтың Таиландта жанкүйері көп

27.01.2024, 09:16
Ледибойлар жайлы "көп білетін" Қуат Хамитовтың Таиландта жанкүйері көп
Коллаж Ulysmedia

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан Таиландта жүрген спортшы Қуат Хамитовты қоршап, суретке түсуге ұмтылған қыздарды көруге болады. Олар шын мәнінде қыз ба әлде трансвистит пе? Ол жағы спортшының бір өзіне аян, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұған дейін спортшы Таиланд көшелерінде жиі ұшырасатын трансвеститтер мен ледибойларға көзқарасын білдірген болатын. Оның айтуынша, ол бұл елдің «экзотикалық ерекшелігімен» 10 жылдан бері таныс және өзін бұл салада тісқаққан  жігіт деп санайды. 

«Ледибойларға келетін болсақ, мен мұның бәрін бастан өткердім және біздің жігіттер мұнда алғаш келгенде, мен оларға айтамын: егер сен ледибойлар мен трансвеститтердің «қармағына» түсіп қалсаң, онда бұл ұят емес, ол қалыпты жағдай, өйткені алғаш келгенде кімнің кім екенін ажырата алмайсың. Мен жерлестеріме айтамын: кез келген қазақстандық азамат осында келгенде, егер мен сол уақытта Таиландта болсам, онда саған сыйлыққа бір трансвестит менен деп есептей бер. Сен өмір бойы ауылда өмір сүрдің, мұндайды көрмегесін білмейсің, ешнәрседен күдіктенбейсің, алдыңа келеді, бір қарағанда әйел сияқты...» деп әзілдейді спортшы. 

Сондай-ақ ол бір кездері трансвеститтерден қалай қашқанын айтып, мұнда ер адамды әйелден қалай ажыратуға болатыны туралы лайфхакпен бөлісті. Хамитов «қыздың» қолына және жұтқыншағына қарау керектігін, сонымен қатар оның бойына да назар аудару қажеттігін өз лайфхагы ретінде ұсынды. Оның айтуынша, егер әйел бойшаң болса, ол трансвестит болуы әбден мүмкін, өйткені жергілікті қыздардың орташа бойы 160 сантиметрден аспайды.