×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қуат Хамитов ледибойлар мен трансвиститтер жайлы лайфхакпен бөлісті

15.12.2023, 13:06
Коллаж Ulysmedia

Танымал қазақстандық ММА жұлдызы Қуат Хамитов Тайландта жүр. Ол алдағы үлкен жекпе-жектері алдында тынығу үшін, сондай-ақ кәсіпқой спортшылармен спарринг өткізу мақсатында аталған азиялық мемлекетке табан тіреген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Sport24 арнасына берген сұхбатында ол жаттығулары жайлы және корольдіктегі күнделікті тыныс-тіршілігінің экзотикалық тұстарына ерекше екпін беріп сөйледі, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін денсаулығы нашарлап, спорттық бабына келу қиынға соққан. Қазақстандағы оқу-жаттығулар өзі күткендей нәтиже бермегендіктен, Таиландқа барып, біліктілігін арттырып, кәсіпқойлармен бәсекеге түсіп, спорттық бабын сынап көруді жөн санаған. Басында барлығы менімен рингке шыққысы келетін, себебі мен олар үшін оңай олжа болып көрінетінмін. Хамитов бір айға жуық уақытта барлығынан «таяқ жегенін», кейін «массаж алып, экзотикалық жемістердің дәмін татқалы» өзін жақсы сезіне бастағанын айтып, үйге көтеріңкі көңіл-күйде оралдым дейді.

Боксшыдан Таиланд көшелерінде жиі ұшырасатын трансвеститтер мен ледибойларға көзқарасы қандай екендігі де сұралды. Оның айтуынша, ол бұл елдің «экзотикалық ерекшелігімен» 10 жылдан бері таныс және өзін бұл салада тісқаққан  жігіт деп санайды. 

«Ледибойларға келетін болсақ, мен мұның бәрін бастан өткердім және біздің жігіттер мұнда алғаш келгенде, мен оларға айтамын: егер сен ледибойлар мен трансвеститтердің «қармағына» түсіп қалсаң, онда бұл ұят емес, ол қалыпты жағдай, өйткені алғаш келгенде кімнің кім екенін ажырата алмайсың. Мен жерлестеріме айтамын: кез келген қазақстандық азамат осында келгенде, егер мен сол уақытта Тайландта болсам, онда саған сыйлыққа бір трансвестит менен деп есептей бер. Сен өмір бойы ауылда өмір сүрдің, мұндайды көрмегесін білмейсің, ешнәрседен күдіктенбейсің, алдыңа келеді, бір қарағанда әйел сияқты...» деп әзілдейді спортшы. 

Сондай-ақ ол бір кездері трансвеститтерден қалай қашқанын айтып, мұнда ер адамды әйелден қалай ажыратуға болатыны туралы лайфхакпен бөлісті. Хамитов «қыздың» қолына және жұтқыншағына қарау керектігін, сонымен қатар оның бойына да назар аудару қажеттігін өз лайфхагы ретінде ұсынды. Оның айтуынша, егер әйел бойшаң болса, ол трансвестит болуы әбден мүмкін, өйткені жергілікті қыздардың орташа бойы 160 сантиметрден аспайды. 

Қорытындылай келе, жекпе-жек шебері 40 жасқа дейін ММА бойынша рингке шығуды жоспарлап отырғанын айтты. Алайда бәрі жоспарлағандай болады деп кесіп айту қиын, өйткені бұл спорттың күтпеген «тосын сыйлары» бар, - дейді Хамитов. Айтуынша, бәрін бір нокаут немесе бір жекпе-жек шешіп кетуі әбден мүмкін.

Серіктес жаңалықтары