Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, тағдыр, бай және кедейлер жайлы ойын ортаға салды, деп жазады Ulysmedia.kz.
"Өмірде әртүрлі сынақтар бар… Алла Тағалаға әр пендеге өзіне лайық сынақ берген. Өздеріне жетерлік ризық, берекет, үлес берген. Адамның бұл дүниеде өзін бақытсыз санауы - сол берілген үлеске риза болмауынан. Мысалы бір адамға әсем дауыс беріп сол арқылы жұлдызы жанып елдің атақты әншісі болады. Енді біреу ілімге құштар болып әйгілі ғұлама болады. Біреуіне байлық берілсе, біреуіне кедейлік беріледі. Біреуге денсаулық берілсе, біреуге науқас, кембағалдық беріледі. Сол сияқты әркім өзіне берілген үлес арқылы өмірдің додасына түседі. Біреу кедейлігі арқылы, енді біреу байлығы арқылы аламан бәйгеге түседі. Алайда осы кезде біреу өзіне берілгенге разы болмай өзгенікіне жармасса, зиянға ұшырайды", - деп жазды әнші.
Сондай-ақ өнер иесі байлардың кедей болуы бір сәтте екенін тұспалдап жеткізді.
"Кедей болып жүріп өсіммен байып соның салдарынан бүкіл туыс пен жақындарынан безіп асқақтап ақырында ісі сотты болып қарызға белшесінен батып түс көргендей қайта оянып істеген ісіне пұшайман болып жүргендер қаншама десеңізші!.. Әрине, бұл жерде адам кедей болса "кедей екенмін" деп қол қусырып қарап отыру дұрыс емес. Қолындағы кетпені, тоқпағымен Хақ Тағаланың қақпасын ұрып дұға ету басқа бір мәселе. Біз бұл жерде Хақ Тағаланың ризығы пен пенделерге берілген пайы арқылы сынақты айтып отырмыз. Сондықтан да Бақара сүресінде айтылғандай: "Раббым! Бізге шамамыз келмейтін жүкті артпа!" деп дұға еткен абзал" деген ойды желіде бір сайтта оқып, өзіме өте көп ой түйдім, бөліскім келді. Барымызды бағалап барып, бұдан да жақсыға ұмтылған жақсы шығар…" - дейді өнер иесі.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қарақат Әбілдина қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қатысты ойын айтып, қыз тәрбиесі маңызды рөл атқаратынын алға тартты.