×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

23 жасар Ресей теннисшісі Қазақстан азаматтығын алды

27.01.2024, 18:34
Википедия

Ресей тумасы Александр Шевченко келесі аптадан бастап Қазақстан үшін ойнайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Теннисші өзінің инстаграм парақшасында:

“Баршаңызға сәлем! Барлықтарыңызға келесі аптадан бастап теннис кортында Қазақстан үшін ойнайтынымды жеткізгім келеді. Бұл жаңалықпен мақтанамын және кортта ойнау арқылы өзіме және елге есте қалар сәттер сыйлағым келеді”, - деген жазба жариялады.

Александр кім?

29 қараша 2000 жылы Ресейдің Ростов на дону қаласында туған. Бойы 185, оңқай. Бэкханды екі қолмен. Дәл қазір әлемнің 48-ракеткасы. Бір рет ATP 250 турнирінің финалында ойнаған. Ресей теннисшісі Анастасия Потаповаға (29-ракетка) жыл соңында үйленген.

Жалпы спортшының бізге келетінін теннис әлемі алдыңғы жылдан бері сезген. Бубликтің және оның командасының қасында көп көрінетін. Жыл соңында Қазақстан теннис федерациясы азаматтық туралы ақпаратты растады.

Серіктес жаңалықтары