Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер ақпарат шындыққа сәйкес келсе немесе жемқорлықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге көмектессе, сыйақы берілетінін алға тартып отыр.
Былтыр 62 адамға жалпы сомасы 19,8 миллион теңге сыйақы берілнен. Сыйақының ең жоғары сомасы - 4 миллион теңге.
Агенттіктің мәліметінше, 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе оларға теңестірілген, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын 505 адам сотталған.
Естеріңізге салсақ, Шымкентте соңғы 4 жылда 31 тұлға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар беріп, сыйақыға ие болған.