×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Өсекші" емес - Шымкентте жемқорларды ұстап бергендер 724 мың теңге сыйақы алды

03.01.2024, 09:44
Freepik

Шымкентте соңғы 4 жылда 31 тұлға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар беріп, сыйақыға ие болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оларға бөлінген сомма көлемі 6 млн теңгеден асады.

Ал биыл 3 адамның хабарламасы нақтыланып, оларға 724 мың теңге беріліпті.

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге көмектескен 361 тұлғаның сыйақысы 6,2 млн теңгені құрады. 21 жылы 12 адамға 2 млн 241 мың теңге, 22 жылы 7 адам. 1 млн 562 мың теңге. Ал 23 жылы 3 адамға көтермелеу сыйақысы бөлінген, – дейді СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Сыйақы иелері бұл қаражатқа сот шешімімен ғана қол жеткізе алатынын атап өткен жөн.

Серіктес жаңалықтары