×
451.31
487.32
4.9
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
451.31
487.32
4.9

"Ет свежый ма" - QR сканерлеу арқылы еттің сапасын біледі

28.01.2024, 16:31
Ашық дереккөзден

"Vetlab" ветеринарлық жүйесі малдың еркек немесе ұрғашы, иесі кім болғандығын, тіпті қай өңірде жайылып, қай уақытта сойылғаны туралы ақпарат бере алады. Бұл азық-түлік тізбегіндегі ашықтықты қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Vetlab" цифрлы ветеринарлық-санитарлық сараптама жүйесінің пилоттық жобасы Палводар өңірінде сәтті түрде жүзеге асуда. Қаңтар айынан бастап "Jailau" фермерлік нарығынан ет сатып алушылар сөредегі өнімнің сапасын өз беттерімен анықтауға мүмкіндік алды.

Кез келген тұтынушы етке соғылған QR-код-ты телефон камерасы арқылы сканерлеп, барлық ақпаратты бірден біледі.

Ветеринарлық-санитарлық жүйе ет ұрғашы немесе еркек малдікі екенін, қай күні сойылып, қай өңірден жеткізілгенін, иесі кім болғанын толықтай дыбыстап айтып береді. Бұрынғыдай сатушыдан бәрін тәптіштеп сұрап жатпайсыз.

Әзірше мұндай цифрлық жүйе "JAILAU" фермерлік нарығында ғана істеп тұр. Алдағы уақытта пилоттық жоба өзге де сауда нүктелерінде енгізіледі деп күтіліп отыр.

Мамандар әр сойылған малға бірегей QR-код берілетінін айтады. Оны өзге сойылған мал етіне жапсыру мүмкін емес.

Осылайша, цифрлы жүйе азық-түлік тізбегінде ашықтық қалыптастырып, агроөнеркәсіп тауарын өндірушілердің жауапкершілігін күшейте түспек.

Серіктес жаңалықтары