Ulysmedia.kz порталы Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен 2023 жылы қанша азамат елден көшіп кеткені жөнінде мәлімет сұраған. Ведомство 2023 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында қанша адам көшіп кеткені жайлы деректі берді.
Көбі орыстар мен немістер
– 2023 жылдың қантар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасынан сыртқы елдерге 12 732 адам көшіп кетті. Сол кезенде елімізге 19 136 адам тұрақты түруға көшіп келді.
Көшкен азаматтардың көбі немесе 8,0 мың адам орыс ұлты, 1,6 мың адам неміс ұлты, 0,9 мың адам украйн ұлты өкілдері, – делінген жауапта.
10 мыңға жуық адам ТМД елдеріне көшіп кеткен. Атап айтқанда 95%-ы Ресейге, алыс шет елдерге 2,7 мың адам сонын ішінде 1 795 адам Германияға, 314 адам АҚШ-қа кеткен.
Ресейден 31 мың адам келген
Бұған дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері былтыр Ресейден Қазақстанға 31 мың азамат келгенін айтқан еді. Ал Ресейден келгендердің қаншасына Қазақстан азаматтығы берілгені жайлы ақпаратты еңбек министрлігінің өкілдері білмейді. Сыртқы істер министрлігіне сілтейді.