×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Қаншама хат жаздық, келіспейді»: вице-министр футбол федерациясы легионерлерді өздері тартатынын мәлімдеді

01.02.2024, 12:30
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжілісте бүгін спорт мәселесі, жаңа заң жобасы жан-жақты талқыланып, депутаттар өз пікірін ортаға салды. Әлбетте, қоғамда қызу талқыланатын тақырыптың бірі – шет елдерден легионер тарту мәселесі де қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олимпиададан медаль саны 3 есе қысқарған

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бүгін депутаттар алдында кейбір заңнама актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ нормаларды шектен тыс (шектен тыс) заңнамалық реттеуді алып тастау туралы заң жобасын қорғаған. Оның сөзінше, жобаның жаңалығы – басым спорт түрлерін рейтинг негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командалардың өнер көрсету нәтижелері бойынша қалыптастыру көзделіп отыр. Жарасбаевтың сөзінше, бүгінгі күнге дейін, республикада спорттың 180-нен астам түрін дамытуға басымдық берілген. Олимпиадаларда жеңіп алған медальдың жалпы саны 2018 жылдан бастап 370-тен 2020 жылы 105 медалға дейін қысқарған.

“Легионерлерді байытып жатырмыз”

Жиын барысында депутат Қазыбек Иса футболға кеткен ақша бізде легионерлерді байытуға жұмсалып жатыр деп дабыл қақты.

– Өйткені премьер-лигадағы 373 футболшының 150-і, жартысына жуығы легионер. Әлем чемпионаттарына дайындалған кезде қоржынымызға медаль салатын бокс, күрес, ауыр атлетиканың үшеуін қосқанда жұмсалған ақша үш есе көп болады. Оның 80 пайызы тағы легионерлерге жұмсалады. Осы 30 жылда салғанымыз – жалғыз стадион екен. Ал бізден бюджеті екі есе аз Өзбекстан 10 стадион салған. Өзбекстанның салған стадиондары Еуропаның қазіргі стандарттарына сай, – дейді ол.

Исаның айтуынша, бұған дейін депутаттар осы мәселені көтеріп, үкіметке сауал жолдаған. Ол тұста «футбол клубтарына бөлініп келген қаражатқа шектеу қойылды» деп жауап берген. Депутат шектеу сөз жүзінде қалғанын айтады.

Жарасбаев не дейді?

Серік Жарасбаев расында да, кезінде спорт клубтарына кеткен қаражатты қысқарту бағытындағы жұмысты бастап, 21 млрд теңгені үнемделіп, балалар спортына бөлінгенін айтады. Сол кезде шектеу қойылған. Футбол клубына 1,2 млрд теңге, басқа клубтарға 450 млн теңгеден аспау керек деп ережелер енгізілген.

– Қазір осы заң талаптарымен сол мәселені бекітсек дейміз. Заңды түрде футбол болсын, басқа клубтар болсын, оны заңды түрде шектесек дейміз. Неге десеңіз, кезінде бұл шешім тек ведомствоаралық комиссия хаттамасымен ғана бекітілген. Кейбір спорт клубтары соны қолдамай, қаражатты көп беріп жатыр. Сондықтан, заңға енгізгеннен кейін олардың көп бөлуге құқығы болмайды. Біз талдау жасап, спорт комитетімен бірлесіп, министрліктің қолымен бүкіл федерацияларға, аймақтарға хат жіберетін болдық. Сол қағидалармен жұмыс істеу керек. 

Оның айтуынша, жыл аяғында футбол федерациясы өз тарапынан легионерлер бойынша бірқатар өзгеріс енгізген.

– Бұрын 8 легионер болса, қазір олардың санын 12-ге дейін ұлғайтты. Мұны олар туризм және спорт министрлігімен келіспеген. Біз өз тарапымыздан футбол федерациясына бірнеше рет олай жасамауы керектігі туралы хат жібердік. Қазір олар қоғамдық бірлестік болғаннан кейін бүкіл облыстағы клубтарды жинап, дауысқа салып, соны бекітті. Қазір біз Президент әкімшілігімен, үкіметпен бірлесіп, осы сұрақты қарастырып жатырмыз, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары