×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

2023 жылы Қазақстанның әуежайлары қанша сомада айыппұл төледі

01.02.2024, 15:43
Фото: Ашық дереккөзден

2023 жылы қай әуежайларға қандай заңбұзушылықтар үшін қанша көлемде айыппұл салынды? Көлік министрлігі Ulysmedia.kz порталы жолдаған ресми сауалда нақты соманы хабарлады.

 

Қай қалалардағы әуежайларға айыппұл салынды?

– 2023 жылы Алматы, Шымкент, Орал, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау, Жезқазған, Атырау, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Боралдай қалаларының әуежайларына сомасы шамамен 11 млн. теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды, – делінген жауапта.

Десе де әуежайларға нақты қандай заңның бұзылғаны үшін айыппұл салынғаны жауапта көрсетілмеген.

Қазақстандағы әуежайлар кімдердің қолында?

Ulysmedia.kz порталы көлік министрі Марат Қарабаевқа сауалхат жолдау арқылы елде қанша әуежай барын, оның қаншасы мемлекетке, қаншасы шетелдік инвесторларға тиесілі екенін, қаншасы жөндеуді қажет ететінін анықтап көрген еді. Министрліктен келген ресми жауапқа сүйенсек, Қазақстанда ірілі-ұсақты 23 әуежай (әуе айлағы) бар. 23 әуежайдың ішінде 18-і – халықаралық әуежайлар. Осылардың ішінде 2023 жылы жолаушыларға ең көп қызмет көрсеткендері – Алматы әуежайы (9,5 млн адам), Астана (7,4 млн адам), Шымкент (1,8 млн адам), Ақтау (1,5 млн адам), Атырау (1,1 млн адам). 

Қазақстан ұшу қауіпсіздігі жағынан нешінші орында?

Жалпы Қазақстан ұшу қауіпсіздігі бойынша жалпы рейтингте әлемнің 193 мемлекеті бойынша 60 орында. Ал ТМД елдері бойынша Грузия мен Армениядан кейін 3 орынды алады. Қазақстанның халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сәйкестігі 82% деңгейінде, бұл Шығыс Еуропа елдерінің және Батыс Еуропаның жекелеген елдерінің қауіпсіздік деңгейіне сәйкес келеді.

Серіктес жаңалықтары