×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Болашақ» бағдарламасына жаңа мамандықтар қосылды

02.02.2024, 19:18

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің қатысуымен су мамандықтары мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған “гидрогеология", "су ресурстары" және "су қауіпсіздігі” су мамандықтары енгізілді. Осы жылдан бастап Қазақстандық студенттер олар бойынша шетелде оқиды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде 10 оқу орны республиканың су саласы үшін кадрлар даярлауда. Қазір су мамандықтары бойынша 2500-ге жуық студент оқиды.

"Біз үшін су саласы мамандығын тартымды ету маңызды. 2024 жылдың басынан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 22% өсті. Бұған министрлік әзірлеген шаралардың арқасында қол жеткізілді. Сонымен қатар, отандық су саласының кадрлық әлеуетін жақсарту үшін министрлік мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр, — деді Нұржан Нұржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанда өткен жылдың күзінде пайда болды. Оны Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов басқарады.

Серіктес жаңалықтары