×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Финалға шыққан 9 боксшының екеуі ғана алтын алды

04.02.2024, 09:11
sports.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Ла-Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жазира Орақбаева (52 келі) пен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақтарында чемпион атанды. Финалда Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғағанын атап өткен жөн.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі:

48 кг. Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) - Кармен Гонсалес Ортега (Испания) - 1:4

50 кг. Назым Қызайбай (Қазақстан) - Айра Виллегас (Филиппин) - 2:3

52 кг. Жазира Орақбаева (Қазақстан) - Каелла Мопин (Франция) - 4:1

54 кг. Әнел Сақыш (Қазақстан) - Сирин Шаараби (Италия) - 0:5

63 кг. Аида Әбікеева (Қазақстан) - Сача Хайки (Англия) - 0:5

70 кг. Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Чен Ныен Чин (Тайвань) - 0:5

75 кг. Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Херги Басядан (Филиппин) - 0:5

81 кг. Фариза Шолтай (Қазақстан) - Эмбер Мосс-берч (Англия) - 0:5

+81 кг. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Сайра Гарсиа Гарай (Испания) - 5:0

Серіктес жаңалықтары