×
$
453.64
€
508.17
₽
5.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.64
€
508.17
₽
5.59

Қазақстандық семсерлесушілер Азияның үздік екі құрамасының қатарына енді

Бүгін, 16:19
Қазақстандық семсерлесушілер Азияның үздік екі құрамасының қатарына енді
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы Бахрейнде өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесуден Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ұлттық құраманың қоржынында үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде бар. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Кирилл Проходов екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Отандасымыз алдымен шпагадан жекелей сында чемпион атанса, кейін Михаил Кузьмин, Георгий Тинников және Жанарбек Жанұзақовпен бірге командалық жарыста топ жарды.

Диляра Исабекова, Полина Ко, Адема Серікбай және Қайша Жәнібек Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді сыйлады. Олар командалық сайыста қарсыластарынан басым түсті.

Сонымен қатар Қайша Жәнібек пен Диляра Исабекова жекелей сында да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қайша күміс медаль жеңіп алса, Диляра қола жүлдеге ие болды.

Жекелей сындағы тағы екі жүлдені апалы-сіңлілі Лесовскийлер еншіледі. Мария рапирадан екінші орын алса, Полина жарысты қола медальмен аяқтады.

Кейін олар Каролина Фомина және Наталья Зиняковамен бірге командалық сайыста күміс жүлдегер атанды. Дәл осындай нәтижеге рапира бәсекесінде сынға түскен Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов, Евгений Токанов және Мансұр Естеу де қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы командалық жарыстарда тағы екі қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында рапирадан София Актаева, Ксения Андреева, Алена Гноева және Алина Искандерова үшінші орын иеленді. Ал ерлер арасында саблядан Бексұлтан Әбжал, Қуаныш Ерғашбай, Ерхан Қараман және Қайназар Нұрқатұлы қола жүлдегер атанды.