×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Күніне 10 мың қадам жүрсеңіз ағзада қандай өзгеріс болады

04.02.2024, 17:09
Ашық дереккөзден

Күнделікті жаяу жүру – денсаулыққа пайдалы. Адам ағзасы үшін қимыл-қозғалыс саламатты өмірдің бір кепілі, жан мен тәннің саулығы. Ал күніне 10 мың қадам жүретін болсаңыз ағзада қандай өзгерістер болады? Бұған Ulysmedia.kz тілшісі үңіліп көрді.

Физикалық қалыпта болу

Жаяу жүру аяқ бұлшықеттерін қатайтады, төзімділік пен табандылыққа жол бастайды. Белсенді физикалық жаттығулар бұлшықетті ғана нығайтып қоймай, жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын да жақсартады.

Жүрекке пайдалы

Жаяу жүру жүрекке пайдалы ең қарапайым жаттығу. Қандағы холестерин мен қысымды төмендетуге көмектеседі, жүрек бұлшықетін қалыпқа келтіреді.

Салмақ қоспайсыз

Күнделікті жаяу жүріп серуендеу артық салмақ қоспаудың бір себепкері. Қимылдау арқылы ағзадағы зат алмасу, асқазан-ішек жолдары қызметі жақсарады.

Көңіл-күй көтеріледі

Физикалық белсенділіктен бақыт гормоны эндорфин бөлінеді. Бұл арқылы адамның көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісі азаяды. Таза ауада серуендеу де ағзаның тынығуына пайдалы.

Сүйекті қатайтады

Жаяу жүру ағзаға көп салмақ түсірмейтін жаттығу. Сүйекті қатайтып, остеопороз дертіне шалдықпауға көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары