Ақпарат Ақордадан тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Президенттің қаулысы шықты. Оған сәйкес, премьер-министр міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелген.
– Қазақстан Республикасы үкіметінің мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін, – делінген қаулыда.
Қызметінен кеткен Әлихан Смайылов Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылы 11 қаңтарда Премьер-Министр лауазымына тағайындалды. 2023 жылғы 30 наурызда Президент жарлығымен аталған лауазымға қайта бекітілді. Ол Асқар Маминның орнына келген болатын. Смайыловқа қаңтардан кейінгі шиеленістерді шешу, әлеуметтік жағдайды оңалту, олигополиямен күрес, қымбатшылықты ауыздықтау секілді міндеттер қойылған. Соңғы уақытта Үкіметтің отставкаға кететіні туралы жиі айтыла бастады. Оның орнына кандидаттар тізімі де аталған. Олардың ішінде Ерболат Досаев, Қанат Бозымбаев және Мұрат Нұртілеулер бар.