×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ертіс орманы резерватының басшысы ұсталды

06.02.2024, 09:52
Фото: Скриншот

Антикор Ертіс орманы резерватының басшысын ұстады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен «Ертіс орманы» резерватының басшысы тарапынан пара алу фактілерін анықтаған.

– Ол кәсіпкерлерге іскерлік орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды. 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сонымен қатар, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған, – делінген антикор хабарламасында.

Келтірілген материалдық залал ішінара өтелгені хабарланады. Тергеу жалғасып жатыр. 

Еске сала кетейік, былтыр «Ертіс орманы» резерватында бірнеше рет өрт шыққан еді.

Серіктес жаңалықтары