×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Израиль азық-түлік тиеген БҰҰ-ның жүк көлігіне оқ жаудырды

06.02.2024, 16:12
Коллаж Ulysmedia

Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі агенттігінің (UNRWA) гуманитарлық азық-түлік керуенін Израиль әскери-теңіз күштері оқтың астына алды. Бұл туралы UNRWA-ның Палестина анклавындағы операциялар жөніндегі директоры Томас Уайт Х әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Бүгін таңертең Газа секторының солтүстігіне аттанғалы тұрған азық-түлік колоннасына Израиль әскери-теңіз күштері оқ жаудырды, бақытымызға орай ешкім зардап шеккен жоқ», – деді Уайт.

Сонымен қатар UNRWA анклавтың барлық бөліктеріне қауіпсіз кіріп-шығу мүмкіндігі қажет екенін айтты.

"Біз оқ астында гуманитарлық көмек жеткізе алмаймыз. Қауіпсіз және тұрақты гуманитарлық көмек барлық жерде, соның ішінде Газаның солтүстігінде де шұғыл қажет", – делінген агенттік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында Израиль БҰҰ-ның 12 шенеунігін ХАМАС-тың 2023 жылғы қазандағы шабуылына тікелей қатысы бар деп айыптаған болатын. UNRWA бұл айыптаудан кейін бірнеше қызметкерді тексергенін айтты.

Агенттіктің бас комиссары Филипе Лазаринидің айтуынша, Израильге жасалған шабуылдарға қатысы бар деген күдіктілер қазірдің өзінде қызметінен босатылған.

Өткен аптада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш UNRWA-ның Газа секторының халқына көмектесуде үлкен рөлі бар, сондықтан агенттік жұмысына кепілдік беру керек деді.

Алайда Израильдің айыптауынан кейін АҚШ, Германия, Австралия, Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Финляндия, Жапония және Австрия UNRWA-ны қаржыландыруды тоқтатқанын жариялады.

Серіктес жаңалықтары