×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Семейде тұтқынды азаптады деген күдікпен полицей қамауға алынды

09.02.2024, 14:43
Коллаж: ulysmedia.kz.

Полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратураның хабарлауынша, 2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру прокуратура органдарының айрықша тергеуі саналады. Қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптауға жол бермеу мақсатында прокурорлар тәулік бойы ақпараттық сайттарды бақылайды, уақытша ұстау изоляторын және құқық қорғау органдарының қызметтік ғимараттарын тексереді. Бейнебақылаудың жай-күйіне, оның жұмысқа жарамдылығы мен бейне жазбалардың сақталуына, сондай-ақ ғимараттардағы «соқыр аймақтарды» жоюға ерекше назар аударылады. 

– Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында (азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы орталық полиция бөлім қызметкерінің ұсталуы оның жарқын мысалы. 29 қаңтарда Абай облысының прокуратурасы күдіктіні Семей қаласының полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамады, – делінген хабарламада.

Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары