×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Әннен шаршадым - танымал өнер иесі неге жалықты

10.02.2024, 12:45
Жеке мұрағат

Танымал опера әншісі Бибігүл Төлегенова бүгінде ән айтуды қойғанын мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қазіргі таңда 94 жасқа келген өнер иесі жақында "Таңшолпан" бағдарламасына қонақ болып, қазіргі ахуалын айтып берді.

- Мынау рояльға келесі жылы 50 жыл болады. Мынау рояль - менің досым, жұбайым әрі балам. Осыдан басқа ешкімім жоқ. Әрине, бала-шағам бар. Сондықтан мен арасында ән үйреніп, өзімше дауысымды жөндеп отырамын. Алайда, қазір қойдым. 90 жастан кейін бәрін ысырып тастадым. Шаршадым. Шабал Бейсекова "Сен ұзақ ән айтасың. Кейін шаршайсың" дейтін. Шынымды айтсам, әннен шаршадым. Тіпті аспапқа жақындағым келмейді, - деді Бибігүл Төлегенова. 

Серіктес жаңалықтары