Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
41 жастағы Роман Төреханов 94 келі салмақ дәрежесінде, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесінде кәсіпқойлар арасында бразилиялық джиу-джитсудан абсолютті әлем чемпионы екені белгілі болды.
Атап айтсақ, 2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Төреханов 94 келі салмақ дәрежесінде, сондай-ақ Әбу-Дабиде (БАӘ) абсолютті салмақ дәрежесінде кәсіпқойлар арасында бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған.