×
$
450.79
524.13
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.79
524.13
5.31

Ақмола облысының экс-әкімі Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды

Бүгін, 09:28
Ақмола облысының экс-әкімі Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Малайзия және Грузиядағы жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Кім қайда тағайындалды

Малайзиядағы Қазақстан елшісі қызметіне Мәлік Мырзалин тағайындалды. Бұған дейін ол 2022 жылғы желтоқсаннан бері Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметін атқарған.

Мырзалиннің еңбек жолында Қазақстанның Мәскеудегі елшілігіндегі қызметі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары лауазымдары бар. Ол 2017-2019 жылдары Ақмола облысының әкімі, 2019-2022 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Мәлік Мырзалин МГИМО мен Йель университетінің Менеджмент мектебін тәмамдаған, саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Қазақстанның Грузиядағы елшісі болып Талғат Адуов тағайындалды. Ол 2018 жылдан бері «Отандастар» қоры президентінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Бұған дейін Адуов Сыртқы істер министрлігінде, Президенттің хаттама қызметі басшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы және Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерінде жұмыс істеген.

Талғат Адуов Түркиядағы Мармара университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Ал Қазақстанның Малайзиядағы бұрынғы елшісі Болат Сүгірбаев қызметінен босатылды. Ол қоса атқару тәртібімен Қазақстанның Брунейдегі елшісі қызметін де атқарған.