×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Аққулардың жаппай қырылуы: Rixos қонақ үйіне айыппұл салынды

11.02.2024, 16:37
Коллаж Ulysmedia

Маңғыстау облыстық экология департаменті Rixos қонақүйіне тексеріс нәтиежесінде айыппұл салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өңірдің экология департаментінің мәліметінше, 8 қаңтарда табиғи орта ассоциация кеңесінің төрағасы Ә.Қозбақов Aktau Tourism City Ltd жеке компанияның филиалы мен TetysBlu парккі жағынан Қаракөлге құбыр арқылы сарқырама төгінді судың құйылып жатқандығы бойынша арыз түсірді. 

«Аталған дерек бойынша департамент "Rixos Water World Aktau" қонақ үйіне Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 144 бабы 5 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, 2024 жылдың 9 қаңтарында №3 санды жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша экологиялық заң талаптары сақталмағандығы анықталып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 331 бабының 2 тармағына сәйкес - осы баптың бірінші бөлігінде көзделген 1 846 000 тенге айыппұл салынды және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 328 бабының 1 тармағына орай қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жұмыс істеп тұрған нысанға жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асырғаны бойынша іс қозғалғандығын және айыппұл 232 663 теңге салынды», - деп жазылған департаменттің хабарламасында.

Экология департаментінің қаңтар айындағы ңұсқамасы негізінде «Rixos Water World Aktau» қонақ сыртқа шығатын ағынды қалдық сулардың қалалық кәріз желілеріне қосылғанын және тазартылған ағынды суларын ағызатын Қаракөл көліндегі құбырдың алынғанын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, аққулар жаппай қырылғаннан кейін Ақтаудағы Rixos қонақ үйіне қатысты әкімшілік істер қозғалған болатын.

Серіктес жаңалықтары