×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан былтыр 116 мың га орманынан айырылды

12.02.2024, 09:36
Қазақстан былтыр 116 мың га орманынан айырылды
Фото: Ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, шығын көлемі 163 млрд теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыздықов не дейді?

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, жыл сайын өрт қауіпті кезеңінде мыңға жуық орман және дала өрттері, халыққа, оның мүлкіне, табиғатқа қауіп төндіретін 4 мыңға жуық табиғи өрт оқиғалары орын алады.

– Еліміз тек өткен жазда 116 мың гектардан астам орманнан айырылды. Шығын көлемі – 163 млрд теңгеден асып жығылды. Соңғы бес жылдағы статистика көрсеткендей, орман өрттерінің саны артып барады. 2018 жылы бұл 358 болса, 2023 жылы 810 өрт оқиғасын құрап отыр, – дейді  Сыздықов.

Оның сөзінше, өрт шарпыған жердің ауданы да өсіп барады. 2022 жылмен салыстырғанда өрт ауданы 13 пайызға өсіп, залал 8 есе ұлғайған.

Орман кодексіне сәйкес, орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру экология министрлігі мен әкімдіктердің құзыретіне кіреді. Бұл үшін олардың өз бөлімшелері бар. Төтенше жағдайлар министрлігі келісім шеңберінде орман өрттерін сөндіру үшін қосымша ресурс ретінде тартылады. 

Ормандағы алап өрт

Еске салайық, “Семей орманы” резерваты аумағында былтыр 8 маусымда өрт тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін жетті. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланған.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды. Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы оқиғаға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Бас прокуратура орман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.