×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

"Үш нұсқа тексеріліп жатыр": Бас прокуратура Семей орманындағы өрттің себебі жайлы

14.06.2023, 12:32
ТЖМ

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бірінші нұсқа аясында орманды қасақана өрттеу әрекеті тексеріліп жатыр. Яғни ағашты сату мақсатында осындай қылмыс жасалуы мүмкін. Екіншіден, адами фактор салдарынан өрттің таралуы нұсқасы бар. Ал үшінші нұсқада табиғи сипаттағы фактордың әсері қаралады. Үш нұсқаның барлығы тексеріледі», - деді Ж. Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында.

Айта кетсек, бұған дейін Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өрт кезінде ауыр зардаптарға жол берген лауазым иелері қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтқан.

Еске салсақ, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия 10 күн тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары