×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Вице-премьер Байбазаров Маңғыстаудағы ереуілдердің себебін зерттеуге уәде берді

13.02.2024, 14:16
Вице-премьер Байбазаров Маңғыстаудағы ереуілдердің себебін зерттеуге уәде берді
Коллаж Ulysmedia

Ұлттық экономика министрі - вице-премьер Нұрлан Байбазаров Маңғыстау облысындағы ереуілшілердің проблемалары туралы сұраққа жауап бере алмады. Бірақ мәселені зерделеуге уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байбазаров не деді

Үкімет кулуарында Нұрлан Байбазаровтан Маңғыстау облысындағы ереуілшілердің проблемалары туралы сұралды.

"Сұрақты нақтылайық. Күн сайын елде болып жатқан ақпараттар келіп түседі. Біз оқимыз, көреміз, білеміз. Бірақ қандай шаралар қабылданатын жіті анықтап алғаннан кейін хабарлайтын боламыз", - деді ол.

Ереуілдер

Естеріңізге салсақ, Маңғыстау облысындағы West Oil Softwar мұнай сервистік компаниясының жұмыскерлері де реуілге шығып, ереуілге қатысушыларға қысым көрсетіліп жатқанын айтқан еді.

Ал 29 қаңтарда Жаңаөзенде жаңа ереуіл басталды. Бұл жолы "Кезби" мұнай сервистік компаниясының қызметкерлері өз талабын білдірді. Ереуілшілер бұрын жалақысын көбейтуді талап еткен, басшылық 10% үстеме ақыға келіскен. Жұмысшылар өз кірісін 50% арттыруға қол жеткізуді көздеп отыр. Тағы бір талап — жағдайға жауапты деп санайтын бірнеше басшыларды жұмыстан шығару. Жұмысшылар компания ғимаратының жанында түнеп, ереуілді жалғастыруды көздейді.