×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Соғыс салдары: Украинаның мәдени мұрасына 3,5 миллиард доллар шығын келтірілді

14.02.2024, 07:56
Одессадағы собор/Reuters

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан кейін елдің мәдени мұрасына шамамен 3,5 миллиард доллар шығын келтірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ЮНЕСКО-ға сілтеме жасай отырып.

Соғыстың басқа салдары

БҰҰ мәліметтері бойынша, Украинадағы мәдениет және туризм салалары Ресей басып кіргеннен кейін жалпы $19 млрд кіріс жоғалтқан.

Шығынды бағалау үшін спутник суреттері зерттелген. ЮНЕСКО-да хабарланғандай, 5000-ға жуық ғимарат, оның ішінде 340-тан астам мұражай, ескерткіш, кітапхана мен діни нысандар қираған.

Дүниежүзілік мұраның екі нысаны — ортағасырлық Львов орталығы және Одесса тарихи орталығы – Ресейл соққылардан ең көп зардап шеккендердің бірі болды.

ЮНЕСКО-ның Украинадағы өкілі Чиара Дезци Бардески Одессаның Спасо-Преображенский соборы 2023 жылдың шілдесінде соққыдан қирағанын еске салды. Ол 1794 жылы салынған ғимарат. Бір рет оны 1936 жылы Кеңес өкіметі құлатқан. Собор 2000 жылдары жеке қайырымдылықпен қалпына келтірілген.

Бардески собордың қала үшін діни және рухани құндылығы бар екенін, бірақ оны енді қолдануға болмайтынын атап өтті.

Украинадағы соғыс

2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украина аумағында Владимир Путиннің жарлығымен Ресей бастаған соғыс жалғасып жатыр.

Күн сайын Украинаның қалаларына оқ атылып, бейбіт адамдар қаза тауып, зардап шегуде.

Серіктес жаңалықтары