×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алғаш рет қазақстандық деректі фильм Netflix-те көрсетіледі

27.10.2021, 16:15
фото: the-village-kz

«Ертең теңіз» (Sea tomorrow) – қазақстандық режиссер Катерина Суворованың тәуелсіз толық метражды деректі фильмі Netflix әлемдегі ең ірі стриминг платформасында көрсетіледі. Туынды құрғап қалған Арал теңізі туралы баяндайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазір кинотуынды Еуропаның барлық ел тұрғындары үшін қолжетімді. Ал АҚШ оны Amazon платформасында көрсетеді. ТМД елдері тұрғындарына көрсету мүмкіндігі туралы келіссөздер жүріп жатыр, дейді The Village.

«Арал теңізінің жойылуы– әлем тарихындағы ең ірі антропогендік апаттардың бірі. Кезінде теңіз толқындары болған жер қазір кемелердің тот басқан қаңқалары жатқан тұзды шөл далаға айналған. Арал жайлы, заман ақырынан кейінгі әлем жайында ойлағанда осындай бейнелер ойыңа келеді», - деп жазылған Amazon сипаттамасында.

Фильмнің әлемдік таныстырылымы 2016 жылғы тамызда Locarno International Film Festival кинофестивалінде өткен.

Серіктес жаңалықтары