×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Елімізде жанармай мен дизельге шекті баға енгізілетін болды

15.02.2024, 11:08
Фото: depositphotos.com

Ашық НҚА порталында Энергетика министрінің жанар-жағар май құю стансалары үшін бөлшек сауда бойынша мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығына өзгерістер енгізудің жобасы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін, - делінген бұйрық мәтінінде. 

Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге; 

Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге. 

Аталған жаңашылдықты қоғамдық талқылау 2024 жылғы 28 ақпанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары