×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Хостелдерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 394 фактісі анықталды

17.02.2024, 08:50
Хостелдерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 394 фактісі анықталды
Ашық дереккөзден

Қазақстанда 106 хостелдің өрт қауіпсіздігі жағдайы тексерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдардың уақытша тұратын орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жерде жатақханаларды жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.

Республика аумағында 526 жатақхана тіркелген. Бүгінгі күні 106 жатақханада өрт қауіпсіздігіне тексеру жүргізіліп, оларда 394 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі анықталды. Жол берілген бұзушылықтар үшін хостел басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру бойынша ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, 13 адамның өмірін қиған Алматы хостеліндегі өрттен кейін жаппай тексерістер жалғасып жатыр.