×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Орамал таққандар сахнаға қайта орала ма

17.02.2024, 11:09
Орамал таққандар сахнаға қайта орала ма
Коллаж Ulysmedia

Соңғы кезде танымал өнер иелері орамал тағып, өмірлік бағытын өзгерте бастады. Тыңдармандар әншілердің әндері былай тұрсын, түрін ұмытуға шақ қалды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жуырда өнерден кеткен танымал әнші, "КешYou" тобының экс-мүшесі Айдана Меденова желідегі парақшасында орамалға ұзақ уақыт бойы келгенін айтты. Ол орамалды алғашында тек намаз оқыған кезде киіп жүрген. 

"Архивтен қандай сурет тауып алғанымды қараңыздар. Ол кезде мен орамалды тек намаз оқығанда тағатын едім және "жақында Алла мені әкеледі, ол мені тастамайды" деп ойлайтын едім. Альхамдулилла мен бұл суреттерге қарап, осы жолды ризашылықпен еске аламын. Әйтпесе менің орамалға келуіме қатысты мезгіл-мезгіл әр түрлі пікір жазылатынын көремін. Мысалы, "қалай тез", "енді ән айтпай ма?", "әртістен үй шаруасындағы әйелге айналды".

Иә, мен енді ән айтпаймын, бірақ мен шығармашылықты барлық жерде және онсыз табамын. Бір күні мен сіздергеге инстаграмнан білетіндеріңізден көбірек айтып беремін. Айтпауым да мүмкін, кез келген жағдайда әркім өзіне ойлауға ыңғайлы және жағымды жағын таңдайды", - деп жазды әнші.

Тұрмыс құрған соң, өмір-салты өзгеріп сала берген әнші Кәмшат Жолдыбаева да орамал тағып, әйелдерге психологиялық консультация өткізе бастады.

Instagram-да 2,9 млн жазылушысы бар Кәмшат Жолдыбаева хиджабқа толық көшпегенімен, бұрынғыдай ашық-шашық киінуден түбегейлі бас тартып, ұзын етек көйлек киюі, басына орамал тартуды әдетке айналдыруы желідегі жұртқа жаңалық бола қойған жоқ. Өйткені оған дейін Жолдыбаеваның өзге әріптестері – танымал блогерлер де жаппай орана бастаған-ды. Бұдан бұрын “орамалға келген” Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенін айтқан.