×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Кәмшат Жолдыбаева "сауап" жинау үшін психолог болып кетті

09.01.2024, 12:16
Коллаж Ulysmedia

Тұрмыс құрған соң, өмір-салты өзгеріп сала берген әнші Кәмшат Жолдыбаева әйелдерге психологиялық консультация өткізе бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауап үшін...

“Түсінбей жатқан жандарға ақпарат: мен Мәрзия Бекайдардың шәкіртімін. Аллаға шүкір. Әйел адамдарға психологиялық консультацияларды Мәрзияның әдісімен жүргізіп, қызмет етіп тұрамын”, – деп жазды әнші Жолдыбаева инстаграм парақшасында.

Әншінің көмекшісіне хабарласып, мән-жайды анықтап көрдік. Сөйтсек, консультация тегін. Әнші оны “сауап болсын” деген ниетпен өткізеді екен.

“Хабарласып жатқандар көп. Консультацияға жазылғысы келетіндер сауалнама толтырады. Кейін Кәмшат ханым ішінен тағдыры ауыр жандарды таңдап алады. Кеше екі әйел тегін кеңес алды. Ендігі консультацияның мерзімі әзірге белгісіз”, – дейді әншінің көмекшісі.

Белгілі болғандай, әр адаммен жеке кездесу өткізеді. Қабылдау Алматы қаласында. Әншінің оқырмандары бір залға жиналып, тегін кеңес аламыз деп үміттеніпті. Алайда, Кәмшат Жолдыбаева әр әйелдің өз құпиясы бар деп есептейді, сондықтан жеке кездесуді жөн көріпті.

Діни консультация ма?

Әншінің көмекшісі консультация діни наным-сенімге негізделетінін тұспалдады.

Instagram-да 2,9 млн жазылушысы бар Кәмшат Жолдыбаева хиджабқа толық көшпегенімен, бұрынғыдай ашық-шашық киінуден түбегейлі бас тартып, ұзын етек көйлек киюі, басына орамал тартуды әдетке айналдыруы желідегі жұртқа жаңалық бола қойған жоқ. Өйткені оған дейін Жолдыбаеваның өзге әріптестері – танымал блогерлер де жаппай орана бастаған-ды. Бұдан бұрын “орамалға келген” Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенін айтқан.

Ол кейін оқырмандарға өз таңдауын былай түсіндірді:

«Соңғы кезде неше түрлі орамалды көйлекке, киімге жарастырып таққанды жақсы көремін. Білмеймін, мүмкін ішімде болып жатқан өзгерістерден бе екен? Солай болып жатыр. Бірақ, сіздерден теріс пікір болғанын қаламаймын. Өйткені, хиджаб кию бір бөлек. Орамал тағудың ежелден келе жатқан үрдісі бар. Әйел табиғатын одан сайын аша түсетін киім бөлшегі ретінде тағып жүрмін», – деген еді ол.

Белгілі әнші енді сахнаға қандай образда шығатыны қызық. Репертуарындағы бұрынғы әндерін орындай ма, бейнебаяндарын қалай түсіреді. Қазақ қыздарының ішінде еркін стилі мен хореографиясымен ерекшеленетін Кәмшат әлде, әншілік мансабымен қош айтыса ма? 

Мәрзия Бекайдар кім?

Семинар өткізіп, әйелдерге кеңес беріп жүрген танымал психолог бір сұхбатында адамдарға көмектескенді жақсы көретінін айтқан болатын. Төмендегі суретке қарағанда Мәрзияның кеңесіне жүгінетіндердің көпшілігі орамал тағатындар секілді. 

“Өзгелерің ішкі сырларын тыңдап, оларға білген ақыл-кеңесімді айтқым келеді. 14 жасымнан бастап ақыл-кеңесімді айтатынмын. Достарым, әпке-сіңлілерім, әпкелерімнің құрбылары, құрбыларымның құрбылары менен ақыл сұрап келетін. Сонда менің жасым 14-те, олар 25-26 жаста болатын. Отбасы құндылықтары мен қыз бен жігіттің қарым-қатынасы жайлы тақырыптарда сөйлесетінбіз. Басында қорқыныш сезімі болды. Жасым кішкентай, өзім тұрмыс құрмасам да отбасы мәселелерін шешкенді ұнататынмын. Менің айтқан кеңестерім оларға шын мәнінде көмектесе бастады. Оларды отырғызып қойып сөйлесетінмін, барлығын түсіндіретінмін. Құрбыларыммен жиналғанда көбіне мен сөйлейтінмін. Арты шағын семинарға ұласатын. Құрбыларым тұрмыс құрса болды менен кеңес сұрайтынын бірден сезетінмін” – деп үлкен семинарға дейінгі алғашқы қадамын әңгімелеген еді.

Серіктес жаңалықтары