×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан мен Румыния инвестицияларды қолдау жөніндегі жұмыс тобын құрады

17.02.2024, 17:32
Энергетика министрлігі

2024 жылғы 15-16 ақпанда Бухарестте Қазақстан-Румыния сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 17-ші отырысы өтті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Отырысқа Қазақстан тарапынан тең төраға – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Румыния тарапынан Энергетика министрі Себастьян Бурдужа, сонымен қатар елшілер, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері қатысты.

Шара барысында тараптар екі елдің түрлі салалардағы экономикалық ынтымақтастығының келешегін талқылады. Энергетика саласында энергетика және қаржы министрліктерінің өкілдерінен бірлескен жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Жұмыс тобы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру және энергетика саласындағы өзара инвестицияларды қолдау тетіктерін әзірлейтін болады. Бірқатар румындық компаниялар Қазақстанмен мұнай-газ секторы үшін құрал-жабдықтар мен жинақтаушы бұйымдарды жеткізуде ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Бұл ұсынысты қазақстандық тарап зерделейтін болады. Сондай-ақ елдердің өкілдері химия және металлургия салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін одан әрі талқылауға және Румыния мен Қазақстандағы жаңартылатын энергия жобалары бойынша аукциондарға қатысатын елдердің компанияларын ынталандыруға келісті. Көлік саласында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін дамыту және пайдалану туралы келісті.

2024 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Сондай-ақ ауылшаруашылығы, мәдениет және туризм, еңбек және азаматтарды әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланып, екіжақты әріптестікті дамыту жобалары белгіленді.

Румынияға сапары барысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ромпетрол «Valcele» жанармай құю стансасы мен «Petromidia» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты.

«Бүгінде Қазақстан Республикасының ең ірі шетелдік инвестициялық жобасы 2007 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Ромпетрол компаниясын сатып алуы болып табылады. Қазақстан алдағы уақытта да достас мемлекет Румыниямен инвестициялық серіктестікті сақтауға мүдделі”, деді Сәтқалиев.

Министр сондай-ақ Nuclearelectrica бас директорымен, сондай-ақ RomGas компаниясының басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Nuclearelectrica-ның Румыниядағы әлеуметтік атом энергетикасын дамыту, халықтың сексен пайыз қолдауына ие болу және тәжірибе алмасуға дайындығы атап өтілді.

Қазақстан статистикасы бойынша 2023 жылы Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 2,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2,7 млрд АҚШ доллары) 8,5%-ға артық. 2023 жылға экспорт 10,1%-ға өсіп, 2,8 млрд долларды құрады, импорт 21,1%-ға азайып, 112,2 млн долларды құрады.

Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен энергетика, сауда, жиһаз өндірісі, киім және аяқ киім, сондай-ақ дәрі-дәрмекөндірісі салаларында жұмыс істейтін 49 заңдытұлға жұмыс істейді. Өз кезегінде Қазақстанда 28 бірлескен қазақстандық-румындық кәсіпорын тіркелген, олар негізінен мұнай-газ секторымен айналысады.

Серіктес жаңалықтары