×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан шыға ма

18.02.2024, 18:19
Ашық дереккөзден

2 жылға жуық уақыттан кейін Ұлыбритания құрамына кіретін Солтүстік Ирландияның жаңа үкіметі жасақталып, мемлекет саяси дағдарыстан шықты, деп жазады Ulysmedia.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмаған сияқты. Ел іргесі 1921 жылы қаланғалы бері тұңғыш рет билікке «Шинн Фейн» ұлтшылдар партиясының өкілі келді. Ал оның басты мақсаты Солтүстік Ирландияны Ұлыбритания құрамынан шығарып, Ирландиямен біріктіру. Партияның көшбасшысы Мишель О’Нил референдум өткізіп, дегеніне жеткісі келеді.

Стормонт сарайында Ұлыбритания Премьер-министрі мен Ирландия үкіметінің басшысын Солтүстік Ирландия «Шинн Фейн» партиясының бірінші министрі және оның орынбасары - демократ-юнионистер партиясының өкілі қарсы алып жатыр. Саяси дағдарысты еңсергендеріне қуанышты. Өйткені 2 жылға жуық уақыт бойы Солтүстік Ирландия автономиясы үкіметсіз қалды. Демократиялық юнионистер партиясы Брекситтен кейінгі сауда келісімдеріне наразылық білдіріп, парламенттен шығып кеткен болатын.

- Бұл біздің тарихымыздағы маңызды сәт. Көпшілік бұған сенбеген еді. Ата-анамның, ата-әжелерімнің буыны да «Шин Фейн» өкілі бірінші министр болады деп ойламаған шығар. Сондықтан маған үлкен жауапкершілік артылып отыр дер едім. – деді Солтүстік Ирландияның бірінші министрі Мишель О’нил.

Лондон Ұлыбританияның басқа аймақтарынан Солтүстік Ирландияға тасымалданатын тауарларды бақылауды жұмсартуға уәде бергеннен кейін Юнионистер өз ұстанымдарын өзгертті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерге 3 миллиард фунт көлемінде қаржылық қолдау ұсынылды.

- Солтүстік Ирландия саясаткерлері өз халқының атынан қайтадан шешім қабылдай алатын болады. Біздің жаңа келісіміміз осы елдегі отбасылар мен бизнеске бұрынғыдан да көп қаржылай қолдау көрсетіп, өкілеттіктер береді, – деді Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак.

Жаңа үкімет солтүстік ирландиялықтарды таң қалдырып, көпшіліктің пікірін екіге жарды. Өйткені мұндай жағдай үш ұйықтаса да ешкімнің түсіне кірмеген еді. Халық арасында жаңалыққа шын қуанғандармен қатар, күмәнмен қарағандар да болды.

Серіктес жаңалықтары