×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстан киіктерді қалай аман алып қалғанын айтты

Бүгін, 15:20
Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстан киіктерді қалай аман алып қалғанын айтты
Ulysmedia коллажы

Британ тағының мұрагері ханзада Уильям BBC арнасындағы Грэм Нортонның шоуында Қазақстанда киік популяциясының қалай қалпына келгенін айтты. Оның сөзінше, бір кездері жойылып кету қаупі төнген бөкендердің саны қазір қайтадан айтарлықтай көбейген. Ханзада мұны Қазақстан үкіметінің жануарларды қорғау ісіне толық қолдау көрсетуімен байланыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ханзада не деді?

Бағдарлама жүргізушісі ханзададан Қазақстанда мекендейтін бөкен туралы сұрады. Уильям «Алтын дала» даласын сақтау жобасын атап өтті. Экраннан киіктің бейнесі көрсетілгенде, жүргізуші оның тұмсығы сүйкімді екенін айтып таңғалды.

– Бұл бөкен бір кездері жойылып кету қаупінде болды. Ал қазір олардың саны қайтадан өте көп. Мұның бәрі Қазақстан үкіметінің осы жануар түрінің ел үшін және табиғатты қорғау үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, оны сақтауға бар күшін салуының арқасында мүмкін болды, – деді ханзада Уильям.

Контекст

Бұған дейін Қазақстанда киіктердің саны 4 миллионға жуықтағаны хабарланған еді. Жануарлардың басым бөлігі Жайық популяциясында мекендейді. Ондағы киіктер саны шамамен 2,3 миллионға жеткен.

Алайда 2026 жылы киік популяциясының өсу қарқыны баяулай бастаған. Батыс өңірде төлдеу көрсеткіші әдеттегі 40-50 пайыздың орнына 17 пайыз болған. Ғалымдар мұны азық пен судың тапшылығымен, аурулармен және қыстың қатал болуымен байланыстырады.