×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесіне айналды

19.02.2024, 08:42
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сауда және интеграция министрлігінде Қазақстанның 2023 жылғы сыртқы сауда қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ресми есепке сәйкес, Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесіне айналды. Қазақстан тауарын өткізетін негізгі нарықтар – Қытай, Ресей және Италия.

– Қазақстан Азия елдеріне Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты, – делінген хабарламада.

Қазақстанның басқа елдермен де тауар айналымы өсіп жатыр. Осылайша, тауар айналымында Қазақстан экспортының үлесі 56,3% құрайды. Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауар үлесі 32,1% жеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік банкте Қазақстан экономикасы туралы баяндама жарияланып, биыы  Қазақстан экономикасының өсімі қарқыны бәсеңдейтіні хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары