×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Армения Украина мәселесінде Ресейдің одақтасы емес – Пашинян

20.02.2024, 07:40
Фото: Ашық дереккөзден

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения Украина мәселесінде Ресейдің одақтасы емес екенін мәлімдеді. Мюнхенде Германияның армян диаспорасының өкілдерімен кездесу кезінде Пашинян 1991 жылы КСРО-ның 13 республикасы, соның ішінде Ресей мен Украина қабылдаған декларация Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындауға негіз болатындығын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Премьер бұл бағыт Украинадағы жағдайға да қолданылуы керектігін атап өтті. Пашинян Армения Украинаға қатысты мәселелерде Ресейдің одақтасы емес деген бұрынғы ұстанымын растап, Армения бұл жағдайға әсер ете алмайтынына өкініш білдірген. Ол сондай-ақ, Украина халқымен достық қарым-қатынаста екенін атап өтті.

Ресей мен Армения арасындағы қарым-қатынас барған сайын шиеленісті сипатқа ие болып барады. Ереван ауық-ауық Мәскеуді сенімсіз одақтас деп санайтынын мәлімдеп, Батыспен қарым-қатынасын күшейтіп жатыр.

19-20 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақ аумағын өз бақылауына алып, Конституциялық құрылысты қалпына келтіру мақсатында жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларды сәтті өткізген. Содан кейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2020 жылдың қарашасынан бастап Таулы Қарабақта болған "Ресей бітімгерлерінің сәтсіздігі" туралы мәлімдеді.

28 қыркүйекте Таулы Қарабақ басшысы танылмаған республиканың өмір сүруін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Екі апта ішінде Таулы Қарабақтан 100 мыңға жуық армян көшіп кетті.

Серіктес жаңалықтары