×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Westoil Software жұмысшылардың ереуілі едәуір шығынға ұшыратқанын мәлімдеді

21.02.2024, 12:06
Westoil Software жұмысшылардың ереуілі едәуір шығынға ұшыратқанын мәлімдеді
RFE/RL

Westoil Software ЖШС басшылығының заңсыз ереуілге қатысушыларға үндеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– 2024 жылдың 24 қаңтарында Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқаларының қаулысымен Қарақия аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды. Маңғыстау облыстық сотының қаулысы жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енді. Осыған орай біз қайталап сіздерді заңсыз ереуілді тоқтатып, 24 ақпанға дейін жұмыс орындарыңызға шығуға шақырамыз. Олай болмаған жағдайда, біз заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығымен еңбек шартын бұзуға мәжбүр боламыз, оған толық негіз бар. Сіздің заңсыз әрекеттеріңіз компанияны бүгінгі күнге дейін 900 000 000 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратты. Сонымен қатар, тапсырыс беруші "Westoil Software" ЖШС-не өзіне қабылдаған шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін және тапсырыс берушіге тәулігіне 23 000 000 теңгеге дейін шығын келтіру туралы сотқа дейінгі шағымдар қойылды, бұл күн сайын артып келеді, – делінген компанияның хабарламасында.

Компания ереуіл тоқтамаған жағдайда еңбек шартын бұзып, Қарақия және басқа да аудандарда жұмыс кезегінде тұрған азаматтарды жұмысқа қабылдайтынын хабарлайды.

Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілі

Жетібайдағы ереуілге шыққан West Oil Software жұмысшылары бұған дейін "ҚазМұнайГаз" мәлімдемесіне жауап берген болатын.

– Олар жала жабады. Желіде жалған ақпарат таратады. Біз тексеру жүргізуді және тиісті шаралар қабылдауды талап етеміз, - дейді жұмысшылар.

ҚМГ Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында 11 желтоқсаннан бастап ереуіл жалғасып жатқан WestOilSoftware қызметкерлерімен еңбек қатынастарын тоқтату туралы мәселе қаралып жатқанын хабарлаған болатын.

West Oil Software жұмысшылары 2023 жылдың 11 желтоқсанында ереуілге шыққан. Олар өзі қызмет ететін компанияны "ҚазМұнайГазға" қосуды, сондай-ақ оларға бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін таратуды және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап еткен.

Кейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ереуіл жайлы ойын айтып, қажет болған жағдайда облысқа баруға дайын екенін айтқан, бірақ әзірге мәселе тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы қарым-қатынас шеңберінде болатынын мәлім еткен.

ҚМГ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев компания ереуілге шыққан жұмысшыларды штатқа қабылдай алмайтынын айтты. WestOilSoftware техникасын жаңартуға деп уәде берді.