×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

West Oil Software жұмысшыларының ереуілі: министр Сәтқалиевтің пікірі қандай

12.12.2023, 17:05
Коллаж Ulysmedia

Министрдің айтуынша, мәселе тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы қарым-қатынастан туындап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Бұған дейін комиссия облысқа келіп, мән-жайды анықтаған болатын. Талаптар бойынша біз ҚМГ акционерлерін шақырдық және директорлар кеңесі деңгейінде техниканы ауыстыру туралы шешім қабылдадық. ҚМГ-да жұмысқа орналасу мәселесіне келетін болсақ, бұған дейін осы қызметкерлердің көпшілігі арнайы механизм бойынша мердігер ұйымға өз еркімен жұмысқа ауыстырылған еді. Бұл мәселе азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты туындауда", - деді ол.

Біз министрден ереуіл бойынша нақты не айта алатынын нақтылауды сұрадық.

"Сот шешімімен ереуіл заңсыз деп танылды. Бүгіннен бастап жұмысқа шықпайтын қызметкерлер бойынша шешімдер қабылданатын болады.

Жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді. Бірақ сақталуы керек заңдар бар. Қарым-қатынастар мен жауапкершілік мәселелері бар. Заңды болған талаптар орындалды. Сіз не ұсынасыз? Заңды бұза отырып, оларды штатқа ауыстыру керек пе? Штат кестесі бар, жұмысқа орналасу ережелері бар, заңдар бар.

Қажет болса, мен облысқа шығуға дайынмын. Бірақ шешім қабылданатын құзыреттілік деңгейі бар. Бұл – тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы қарым - қатынас", - деді министр.

Естеріңізге салсақ, мекеме жұмысшылары 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жұмысты толығымен тоқтатып, ереуілге шыққан.

Олар аталған мекеменің өндірістегі материалдық техникалық базасын жаңарту, мекеме жұмысшыларын «КазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қосу, еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің тарифімен теңестіру талаптарын қойған. 

Алайда, жұмыскерлермен «West Oil Software» ЖШС-нің атына ереуіл өткізілетіні туралы хабарланбаған, яғни ереуіл өткізу ұзақтығы және орындалатын қажетті жұмыстардың ең аз көлемі жөнінде ұсыныстар көрсетілмеген.  

Осылайша, Қарақия аудандық сотына талап қоюшы ««West Oil Software» ЖШС-і жұмыскерлердің ереуілін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінген.

«West Oil Software» ЖШС-нің Жетібай технологиялық көлік басқармасының қызметінің тоқтауы қауіпті өндірістік обьектілер қатарына жатқызылған.

Сот шешімімен  «West Oil Software» ЖШС-нің талап қоюы қанағаттандырылып, жұмыскерлердің ереуілі  заңсыз деп танылды.

Серіктес жаңалықтары