×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ресейден импорттаймыз – Қазақстан авиаотын жетіспеушілігін қалай шешпек

28.10.2021, 08:40
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі елордалық әуежайдағы авиаотын жетіспеушілігі бойынша тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Энергетика министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайын авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан жағдайға қатысты әуежайлар мен авиакомпаниялар импорттың қажетті көлемін жеткізуді қоса алғанда, авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелерін алдын ала және өздігінен пысықтауы тиіс екенін атап өтеді. Аталған жағдай шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы коммерциялық қызметі болып саналады. Сондай-ақ Ресей нарығында авиаотын бойынша жағдайдың жақсарғанын ескеріп, Ресей МӨЗ-нен импорттау мүмкіндігі де бар екенін қосымша атап өтеміз», - деді ведомство.

Министрлік мәліметінше, индикативтік балансқа сәйкес Ресейден 300 мың тоннаға дейін импорт жасау жоспарланған. Ал іс жүзінде 9 айда ол бар болғаны 55 мың тоннаны құрады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайына 700 тонна авиаотын жеткізілетінін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары