×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Мәжілісмендер қатарына "Ақ жол" партиясынан тағы бір депутат қосылды

15.09.2021, 09:08
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілістің бүгінгі отырысында Ғани Болатұлы Хамзин ант берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Депутат Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына енді.

Конституцияның 51 бабы 6 тармағына сәйкес, депутат Қазақстан халқына ант берді.

«Бүгін біздің қатарымызға тағы бір депутат қосылып отыр. «Ақ жол» партиясының тізімі бойынша Ғани Болатұлы Хамзин Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Сізді барша депутаттық корпустың атынан құттықтап, жұмысына табыс тілеймін», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

1 қыркүйекте Мәжіліс депутаты Азат Сембинов қызметінен мерзімінен бұрын кетті. Жетінші шақырылымдағы мәжіліске сайлау алдында Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы 38 үміткердің тізімін ұсынды. Олардың арасында «Стройинтеграция» ЖШС -нің негізін қалаушы және бас директоры - Гани Хамзин болған.

Серіктес жаңалықтары