Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолы ауруына байланысты Дубайдағы турнирді жалғастыра алмайтын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елена Рыбакина жарақатына байланысты Dubai Duty Free Tennis Championships WTA 1000 турнирінің ширек финалында ойнаудан бас тартты. Осылайша жартылай финалға италиялық Ясмин Паолини жартылай финалға жолдама алды.
Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады. Елена Рыбакина екі аптада жазылады деген ойдамыз. Бірақ ол үшін биыл ең басты жарыс – Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары, – деді Теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.
Еске салайық, Елена Рыбакина Дохада (Катар) өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліс тапқан еді. Финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездесті. Бірінші сет 7:6 есебімен польшалық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші сетте де Еленаның қарсыласы дес бермеді – 6:2.